ӨзА Қазақ

01.05.2019 17:04 Басып шығару нұсқасы

Роналду әлемдегі ең қымбат көлікті сатып алды

Роналду әлемдегі ең қымбат көлікті сатып алды

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлем бойынша ең қымбат деп саналатын Bugatti маркалы жаңа көлікті сатып алды.

Жақында ғана Женева автосалонында таныстырылған қара түсті La Voiture Noir моделінің максимал жылдамдығы - cағатына 420 шақырымды құрайды. Сәнді автокөліктің қақпағы астында қуаты 1500 ат күшіне ие болатын 8 литрлік 16 цилиндрлі қозғалтқыш орналастырылған. 

LaStampaның мәліметінше, футболшы бұл көлікті 11 миллион еуроға сатып алған. Бірақ аталған көлікті Роналду қазргі кезде міне алмайды. Себебі "сүлікқараның" кейбір техникалық жағдайы қазірге соңына жетпеген. Мамандардың айтуына қарағанда автокөлік алдағы жылдарға дайын болады.

2019-Bugatti-La-Voiture-Noire-4.jpg

ӨзА
13 054