ӨзА Қазақ

22.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Ресми: Хабиб пен Тони Фергюсонның жекпе-жегі кейінге шегерілмейді

Ресми: Хабиб пен Тони Фергюсонның жекпе-жегі кейінге шегерілмейді

Ережесіз жекпе-жек UFC-дегі жеңіл салмақ чемпиондары Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсонның арасындағы шайқас ресми түрде 18 сәуір күні өтетін болады, деп мәлімдері ұйымдастырушылар.

Көпшілік күткен UFC-дегі 249 жекпе-жек, белгіленген күн төрт аптадан кейін 18 сәуірде Нью-Йоркте өтеді, бірақ өтетін орны әлі таңдалған жоқ деп ұйымдастырушылар ресми парақшада жазба қалдырған.

Бұған дейін төрт рет өту мерзімі кешіктірілген төбелестің болуы жайлы, күні кешегінде UFC президенті Дана Уайт нақты жауап бере алмайтыны жайлы жазған болатын.

Ал шетелдік БАҚ ресейлік чемпион Хабибтің осы жепе-жек үшін 10 миллион доллар гонарар алады деп жазуда. 

2 017
ӨзА