ӨзА Қазақ

14.06.2019 10:05 Басып шығару нұсқасы

«Реал Мадрид» трансферлік рекордын жаңартты

«Реал Мадрид» трансферлік рекордын жаңартты

Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубы 2009 жылдағы жасаған соңғы трансферлік терезесіндегі футболшылар сатып алу үшін жұмсаған қаражаттарын жаңартты.

Соңғы кезде «Реал Мадрид» клубының құрамы өте күрделі жағдайларға тап болғандығын, Ла лигадағы маусымды клуб қалай аяқтағанынан аңдамау мүмкін емес. Бұл бір жағы Криштиану Роналдудың клубтан кетуімен де байланысты болар. Өйткені көрермендердің басым бөлігі «Реалды» онсыз елестете алмай қалғандығында. Футболшылардың өздеріде қатты үйреніп қалған болса керек, жетінші нөмерлі жейделі шабуылшының клубтан кетісімен «Реалдың» ойындарында футболшылардың бір-бірін түсініспеу кескіндері бірден көзге байқала бастады. Тіпті Зиданды алып келгеннің өзінде ештеңе өзгерген жоқ.

Осы жайытты ескерген клуб перзиденті Флорентино Перес шұғыл шешімдер қабылдап командалық құрамды жазғы трансферлік кезеңде күшейтуді мақсат еткен көрінеді. Себебі соңғы 10 жыл ішінде Перес мұндай қаржы жұмсаған емес еді.
www.footboom.com басылымының хабарына сәйкес «Реал» биылғы трансферлік кезеңде қазірге дейін 303 миллион еуро жұмсаған. 2009 жылда 258,5 миллион жұмсаған болатын. Бірақ Флорентино Перес мұнымен тоқтап қалар емес ол «Манчестер Юнайтедтегі» Погбаны алуды да көздеп отыр. 

Эден Азарды “Челси”ден алу үшін 100 миллион еуро, Лука Йовичтің трансфері үшін(“Айнтрахт”, Франкфурт) 60 миллион еуро, Эдер Милитао (“Порту”, 50 млн. еуро), Ферлан Менди (“Лион”, 48 млн. еуро) және Родриго (“Сантос”, 45 млн. евро) қаржы жұмсаған.

Қазірде «Реал Мадрид» клубы жанкүйерлері португалдық шабуылшы Криштиану Роналдудың орнын басар Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппені алуды талап етуде. 

62256124_10151783317119953_5091330129045487616_n.jpg

Без названия.jpg



ӨзА
14 593