ӨзА Қазақ

27.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Равшан Ерматов төрешілік мансабын аяқтады

Равшан Ерматов төрешілік мансабын аяқтады

Әлемдік дәрежедегі төрешілер қатарынан орын алған Өзбекстандық футбол төрешісі Равшан Ерматов төрешілік мерзімін аяқтады.

Төреші бұл жайында АФК-ның резденциясында болған арнайы салтанатты кеште мәлімдеді. «Мен 17 маусым кезеңінде Азия футбол конфедерациясында жұмыс істедім. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш, мәртебе дер едім. Осындағы жұмыс кезеңімде Азия Чемпиондар Лигасының бес финал ойынын, төрт мәрте Азия Кубогы мен Әлем Чемпионатының финалдық кездесулерін басқарғаным менің еске алар ыстық сағынышым болып қалмақ. Мен Азиялық футбол отбасынан шыққаныма қуанам. Енді бұл үрдісті артымнан ерген жастарға беру уақыты жетті деп ойлаймын. Сенімім кәміл олар алдына қойған ең ұлы мақсаттар жолында жоғары шыңға шығуға талпынады», деді өзі сөзінде. 

photo_2019-11-27_01-53-28-680x463.jpg

Равшан Ерматов Орта Азия аймағынан шыққан алғашқы әлемдік деңгейдегі танымал төреші болып, үш рет Әлем Чемпионатына қатысып 11 ойынға төрешілік етті. Ал, осынау Әлем біріншілігіндегі төрешілердің өрескел жіберген қателіктерін тексеру кезінде Равшан ең аз қателік жіберген төреші ретінде құрметке ие болды. Бес мәрте Азияның үздік төрешісі сыйлығына лайық саналып, АФК-ның арнайы салтанатты шарасында Азия футболына қосқан үлесі үшін ерекше сыйлықпен марапатталды.

Қазірде Равшан Ерматов Өзбекстан футбол асоциациясының бірінші вице-президенті болып жұмыс атқарады.


11 310
ӨзА