ӨзА Қазақ

29.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Равшан Ерматов: Мен футбол үшін қызмет етемін

Равшан Ерматов: Мен футбол үшін қызмет етемін

Жақында ғана Өзбекстан футбол ассоциацясы вице-президенті лауазымына тағайындалған әлемдік аренада өзіндік беделіне ие, бірнеше Әлем чемпионатында төрешілік еткен Равшан Ерматов, бүгін 29 маусым күні Өзбекстан футбол ассоциациясы мәжілістер залында  БАҚ өкілдерімен кездесті.

Баспасөзде Равшан Ерматов журналистер мен бірқатар Өзбекстан футболына ықпалы бар лауазымды тұлғалар алдында, алдағы жоспарларымен бөлісті.

-Алдымен осы лауазымға келген кезде айтқанымдай маған кеңседе отырып жұмыс жасағаннан алаңға шығып ойын басқарған оңай. Бірақ бүгінгі таңда орын алып жатқан футболымыздың жағдайына көз жұмып қарап отыра алмадым. Футболды футбол дәрежесіне көтеретін ол бапкерлер мен футболшылар. Ең алдымен осы мәселеге мән беретін боламыз. Өзбек футболын көтеруде бірінші орында футболшылар мен бапкерлер болады, ал біздер футбол қызметкерлері боламыз.

Сонымен бірге ӨФА ішіне арнайы футбол мұражайын ашамыз. Өзбек футбол тарихын құрметтемейтін болсақ келешегінде құрметтемейміз деген сөз. Біз өзбек футболын жоғары дәрежеге жеткізуге қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз,- деді Өзбектан футбол ассоциацясы вице-президенті міндетін атқарушы Равшан Ерматов.

15 967
ӨзА