ӨзА Қазақ

10.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Португалия – Ұлттар лигасының алғашқы жеңімпазы

Португалия – Ұлттар лигасының алғашқы жеңімпазы

Кеше түнде Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» алаңында Португалия мен Голландия арасында өткен финал кездесуінде Португалия құрамасы жеңіске жетті.

Криштиану Роналду бастаған Европа чемпиондары кездесудің алғашқы таймында Голландия құрамасының қақпасына гол соға алмады. Финалға дейін тапжылмай келген голландтар матчтың екінші бөлімінде өз қақпасынан гол алып шығуға мәжбүр болды.
Ойындағы жалғыз голды Бернардо Силваның ұзатқан добынан кейін Гонсалу Гедеш голланд қақпашысынан айласын асырып кетті. Осылайша Ұлттар лигасының алғашқы кубогы Португалияға нәсіп етті.

Үшінші орын үшін тартыста Гарет Саугейт шәкірттері ағылшындар пеналтилер сериясында швейцариялықтарды 6:5 есебінде артта қалдырып жеңіске жетті. 

1268159.jpg

0_uefa_nations_league_final_portugal_v_netherlands-_1_.jpg

photo5469693594110634699.jpg

photo5469693594110634694.jpg

14 025
ӨзА