ӨзА Қазақ

01.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Олимпиада чемпионы 2 жылға спорт жарыстардан шеттетілді

Олимпиада чемпионы 2 жылға спорт жарыстардан шеттетілді

Ауыр атлетика бойынша Рио-2016 Олимпиадасының рекордшы жеңімпазы Руслан Нуриддинов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы оны 2 жылға барлық жарыстардан шеттетті. Мұндай шешім 2012 жылғы Лондон Олимпиадасы ойындарындағы допинг анализдерді 2018 жылы қайта сараптау нәтижесінде қабылданғаны хабарланған.

2019 жыл Спорт жөніндегі арбитраж соты (CAS) өзбекстандық ауыр атлетші Руслан Нуриддиновті допингке қарсы ережені бұзғаны үшін Лондон-2012 Олимпиадасында алған жүлдесі, топтаған ұпайы, медаль және сыйлықтарын қайтып алып, спортшының келесі мансабына байланысты шешімді қабылдау үшін Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығына жіберілген болатын. Қауымдастық ауыр атлетке екі жыл барлық жарыстардан шеттету жазасын қолдау жайлы шешім қабылдап, жаза мерзімін 2018 жыл 18 желтоқсаннан 2020 жыл 17 желтоқсанға дейін етіп белгілеген.

Әндіжан облысының тумасы Руслан Нуриддинов Лондон-2012 Олимпиадасында -105 келі салмақта 4 орынды иелеген еді. Ал допинг дауына байланысты жағдай оның 2016 жыл Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада алған марапатына әсер етпейді. 

3 856
ӨзА