ӨзА Қазақ

13.06.2019 11:31 Басып шығару нұсқасы

Месси әлемнің ең табысты футболшысы

Месси әлемнің ең табысты футболшысы

Forbes журналы 2019 жылдың ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімін жариялады
 
Онда өткен жылдың маусым айынан биылғы маусым айына дейін ең көп табыс тапқан спортшы аргентиналық футболшы Лионель Месси көш бастап, бір жыл ішінде 127 миллион доллар табыс тапқан. 

Ал, күні кеше ғана футболдан «Ұлттар лигасының» алғашқы жеңімпазы атанған португалдық футболшы Криштиану Роналду бір жылда 109 миллион доллар көлемінде табыспен екінші орынға жайғасқан. 

Үздік үштікті "ПСЖ" шабуылшысы Неймар 105 миллион доллармен қорытындылаған. 
 
Forbes журналы 2019 жылдың әлемдегі қалталы спортшыларының жариялаған тізімі төмендегідей: 
 
1. Лионель Месси («Барселона») – 127 миллион доллар
2. Криштиану Роналду («Ювентус») – 109
3. Неймар («ПСЖ») – 105
4. Сауль Альварес («Бокс») – 94
5. Рожер Федерер («Теннис») – 93,4
6. Расселл Уилсон («Сиэтл», американша футбол) – 89,5
7. Аарон Рожерс («Грин-Бэй», американша футбол) – 89,3
8. Леброн Жеймс («Лейкерс», баскетбол) – 89
9. Стефен Карри («Голден Стэйт», баскетбол) – 79,8
10. Кевин Дюрэнт («Голден Стэйт», баскетбол) – 65,4
17. Новак Джокович («Теннис») – 50,6
21. Конор МакГрегор («UFC») – 47
44. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 33
46. Андрес Иньеста («Виссел Кобе») – 32,5
53. Алексис Санчес («Арсенал») – 30,8
55. Килиан Мбаппе («ПСЖ») – 30,6
57. Месут Ўзил («Арсенал») – 30,2
66. Оскар («Шанхай СИПГ») – 29
75. Антуан Гризманн («Атлетико») – 27,7
79. Гарет Бэйл («Реал») – 27,1
95. Геннадий Головкин (Бокс) – 25,5
98. Муҳаммад Салоҳ («Ливерпуль») – 25,1


ӨзА
13 797