ӨзА Қазақ

18.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Майкл Джорданның кроссовкасы 560 мың долларға сатылды

Майкл Джорданның кроссовкасы 560 мың долларға сатылды

Баскетбол әлемінде аты аңызға айналған әйгілі АҚШ-тық спортшы Майкл Джорданның 1984-85 жылдағы маусымда киген кроссовкасы аукционда 560 мың долларға сатылды.

«The Action Network» басылымы, Майкл Джорданның жоғары лигадағы 1984-85 жылғы маусым «Чикаго Буллз» сапында киіп ойнаған «Nike Air Jordan 1» аяқ киімін аукциондар тарихында орын алған ең қымбат сатылған зат ретінде көрсеткен.

Бұдан бөлек спортшы бейсбол спортына да қызығып кіші клуб «Бирмингем Баронс» сапында ойын көрсеткен. Сол клуб сапында киіп ойнаған қолтаңбасы бар бейсбол кроссовкасы аукционда 93 000 долларға сатылған.

57 жасты қарсылаған Майкл Джордан тарихта алты рет чемпион, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған. 

2 925
ӨзА