ӨзА Қазақ

25.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Marca: Тибо Куртуа әлемдегі ең сенімді қақпашы

Marca: Тибо Куртуа әлемдегі ең сенімді қақпашы

«Реал Мадрид» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа Испаниядағы белгілі спорт басылым «Marca» газетасының жүргізген сауалнамасына байланысты әлемдегі ең сенімді қақпашы деп бағаланған.

Куртуа Ла Лигадағы ең сенімді қақпашылар тізімінде көш бастап келеді. Ол 28 кездесуде алаңға шығып 18 гол өткізген. Бұл нәтиже оның Рикардо Саморо атындағы кубогқа үміткерлер қатарында бірінші орында тұруға мүмкіндік беруде.

28 жастағы қақпашының көрсеткіші әрбір кездесуде орташа 0,64 пайыздық голға тең келеді. Ал осы марапатқа үміткерлер қатарында екінші орда «Атлетико» клубы қақпашысы Ян Облак. Оның көрсеткіші орташа 0,71 голға тең.

Куртуа бұл марапатқа 2012/13 және 2013/14 маусымдарында «Атлетико» сапында ойнап қол жеткізген. Корольдік клуб қатарында бұл сыйлықты Икер Касильястан кейін 12 жыл дегенде алғашқы болып алу мүмкін.

Соңғы 4 маусым қатарынан «Рикардо Саморо» атындағы марапат Ян Облакқа нәсіп еткен.

3 449
ӨзА