ӨзА Қазақ

06.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Манчестер Юнайтед ең қымбат қорғаушыны сатып алды

Манчестер Юнайтед ең қымбат қорғаушыны сатып алды

Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубы «Лестердің» қорғаушысы Гарри Магуайрді сатып алғанын жариялады. Қызыл сойқандар 26 жасар қорғаушымен 6 жылдық, яғни 2025 жылға дейін келісім-шартқа қол қойған.  Магуайр «Лестер» сапында 76 матч өткізіп бес гол соққан.

«Манчестер Юнайтед» Магуайрді сатып алу үшін £80 миллион төлеген. Ал бұл көрсеткіш бонустар арқылы 90 миллион фунт стерлингке дейін өсуі мүмкін. Осылайша Гарри Магуайр футбол тарихында ең қымбат қорғаушыға айналды.

Осыған дейін қорғаушылар сапында ең жоғары трансфер өткен жылы жазда Нидерландтық футболшы Виржил ван Дейкке тиесілі еді. Ол «Саутгемптон» сапынан «Ливерпульге» 75 миллион фунт стерлингке өткен болатын. 

12 992
ӨзА