ӨзА Қазақ

07.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Ұлттар Лигасы: Голландия финалға шықты

Ұлттар Лигасы: Голландия финалға шықты

Португалияның Гимарайнш қаласында Ұлттар лигасының кезекті финалға жолдама алар команданы анықтайтын матч өтті.

Онда "Голландия" мен "Англия" өзара күш сынасты. Екі ел құрамасы ойын соңына дейін тең ойын көрсете алды. Әр екі бқліп орталарына келіп бір-бірден гол соқты. 32 минутта Маркус Решфорд пиналтиден есепті ашса. 73 минутқа келіп Маттейс де Лигт есепті теңестірді. 83 минутқа келі Лингард "Голландия" қақпасына гол соқты бірақ, VAR-ға тәуелді болған қазіргі футбол заңына сәйкес видеотаспаны қайта көрген төреші голды есепке алмады. Себебі Жесси оффсайд жағдайында қалып кеткен екен. Осылайша командалар кездесудің негізгі уақытын тең аяқтады.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан төреші қосымша кіші екі таймға старт берді. "Англия" құрамасы экстра тайм уақытында өте нашар ойын көрсетті. Мүмкн шаршағандықтан болар. Ал бұл мүмкіндікті «ұшар голландтар» үнемді пайдаланып екі кіші бөлімде де, гол соғып есепті 3:1 етіп финалға жол алды. Енді "Ағылшындар" "Швейчарияға" қарсы 3-орын үшін күресетін болады. Кездесу 9 маусым күні финал ойнынан алдын өтеді. 

Ұлттар лигасының алғашқы жеңімпазы 9 маусым күні Португалияның Порту қаласында орналасқан "Драгау" алаңында өтетін финал кешінде анықталады. Финалда "Португалия" мен "Голландия" кездеседі. 

5061954.jpg

12 397
ӨзА