ӨзА Қазақ

15.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Ливерпуль Суперкубок жеңімпазы атанды

Ливерпуль Суперкубок жеңімпазы атанды

Стамбулдағы «Водафон Аренада» алғаш рет француздық 35 жасар Стефани Фраппар бастаған әйел төрешілер басқаруында өткен Суперкубок кездесуінің негізгі уақыты 1:1 есебінде аяқталды.

Осы ойын алдынан футбол мамандарының көпшілігінің пікірі Ливерпуль ойынның негізгі уақытында жеңіске жететіні жайында айтқан еді. Алайда, ағылшын футбол майталманы Фрэнк Лэмпард, Челсидегі бапкерлігінің алғашқы адымдауынан сүрінген болсада бұл кездесуге шәкірттерін ерекше дайындағаны ойынның алғашқы сәттерінен-ақ көзге түсті. 

1565812030-5812.jpg

Қосымша берілген экстра-таймдарда да, қос команда тағыда бір-бір голдан соғып пеналтилер сериясына жол тартты. Осы психологиялық қатты басым астында өтетін пеналтилер сериясында Челсидің бесінші мүмкіндігін Тэмми Абрахам пайдалана алмады. Осылайша Ливерпуль 14 жыл алдынғы жетістігін қайталап УЕФА Суперкубогында 4-ші рет жеңімпаз атанды (1977, 2001, 2005, 2019ж). 

zf6b8R15658471809362_b.jpg

Челси осымен Суперкубок ойындары тарихында қатарынан 3-ші рет жеңіліп отыр. 2012 жыда «Атлетикоға» 4:1 есебінде, 2013-те «Баварияға» 2:2 (пеналтилер сериясынан 5:4есебінде) жеңілген болатын. Ең қызығы осы ойындардың барлығында Қазіргі бапкер Фрэнк Лэмпардтың өзі ойнаған болатын. 

272ba2.jpeg

12 209
ӨзА