ӨзА Қазақ

03.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі коронавирустан қайтыс болды

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі коронавирустан қайтыс болды

UFC бойынша әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болды. Бұл туралы Шешенстан президенті Рамзан Кадыров Telegram-арнасында хабарлады.

Онда: «Достар, маған Абдулманап Нурмагомедовтің дүниеден өткені туралы қайғылы хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын.», – деп жазылған хабарламада.

Абдулманап Нурмагомедов сәуір айының аяғынан бастап ауруханада жатқан еді. Алдымен ол жүрекке жасалған ірі отаны бастан өткерді, кейіннен жаттықтырушының денсаулығына қатысты коронавирус диагнозы қойылды. Сол арада Хабиб Нурмагомедов әкесін мәскеудегі медициналық орталыққа әкелген. Біраз уақыт бұрын Хабиб Нурмагомедов әкесінің жағдайы туралы хабарлап, оның коронавирустан айыққанын, бірақ жүрегі мен бүйрегінің әлсіреуіне байланысты жағдайы ауыр болып тұрғанын айтқан еді.

3 601
ӨзА