Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсонның төбелесі өз уақытында өтеді
Лас-Вегаста Хабиб Нурмагомедов айтқан сөзін ұнатпаған Тони Фергюсонның чемпиондық белбеуін теуіп жіберген еді.
Ережесіз жекпе-жек спорт түрлерінің ішіндегі ең танымалы болған UFC-де көпшілік күткен Хабиб пен Тони Фергюсонның ортасындағы төбелес өз уақытында өтеді, деп айтқан ресейлік спортшының менежері Али Абдель-Азиз.
UFC президенті Дана Уайт бұған дейін осы жекпе-жектің коронавирусқа байланысты белгіленген уақытта өтпей қалуы мүмкіндігін хабарлаған еді. Алайда Хабибтің менежері Али Абдель-Азиз: кездесу өз уақытында өтеді. UFC әрдайым мүмкіндік тапқан. Бұл жекпе-жекті көпшілік күтуде. Мейлі ол көрерменсізде бәрібір өтеді, деген.
Өткен аптада Лас-Вегаста өткен осы жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында Хабиб Нурмагомедов айтқан сөзін ұнатпаған Тони Фергюсонның чемпиондық белбеуін теуіп жіберген еді.