ӨзА Қазақ

06.05.2019 16:56 Басып шығару нұсқасы

Канело, Джейкобсты ұпай санымен жеңді

Канело, Джейкобсты ұпай санымен жеңді

WBC және WBA (Super) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль Альварес Канело америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпайлар санымен жеңіп, оның IBF белбеуін иеленді. 

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жек, 12 раундқа созылды және нәтиже бойынша төрешілер бір ауыздан жеңісті мексикалық боксшы Сауль Альвареске берді - 116:112, 115:113, 115:113.

Осылайша Альварес үшінші чемпиондық белдеуді жеңіп алды. Енді Канелоға орта салмақтағы абсолютты чемпион атану үшін WBO нұсқасы бойынша белбеуді жеңіп алу керек. Аталған белбеу қазірде американдық боксшы Деметриус Андрадеде тиесілі. Сауль Альварес жекпе-жектен кейін ««Менің мақсатым-титулдар үшін күресті жалғасытру», -деген. Бұл боксшылар 2019 жылдың күзінде қолғап түйістіруі мүмкін. Бірақ қазірге ештеңе анық айтылмады. 

Канело мен Джейкобстың жекпе-жегіне байланысты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өз пікірімен бөліскен болатын. Генаның айтуынша кешегі өткен жекпе-жек өте адамды жалықтыратын спаринг болғанын айтады. 

Еске сала кетсек Геннадий Головкин өткен жылы Сауль Альвареске төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңіліп барлық белбеулерінен айрылған болатын. Головкин келесі жекпе-жегін 35 жастағы канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Бұл айқасқа ол өзінің жаңа бапкері Джонатан Бэнкс пен бірге дайындалып жатыр. Айқас 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді.  

ӨзА
12 826