ӨзА Қазақ

23.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Канада Токио-2020 олимпиадасына барудан бас тартты

Канада Токио-2020 олимпиадасына барудан бас тартты

Канаданың Олимпиада және Паралимпиадалық комитеттері коронавирустық індетке байланысты өз кұрамаларын Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жібермеу туралы шешім қабылдады.

«Канада Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиада және Халықаралық паралимпиадалық комитет пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын жазғы спорттық Ойындарды бір жылға кейінге шегеруге және Ойындарды қайта өткізуге байланысты қиындықтарды жеңуге өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз», - деп өз сайты арқылы хабарлама жасап, «Біз төрт жылда бір келер спорттық Ойындардың қалдырылуына байланысты туындайтын қиындықтарды мойындаймыз, бірақта мына жағдайда спортшыларымыз бен әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігі мен денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ», делінген хабарламада.

Бұған дейін ХОК-қа коронавирустық пандемия бақылауға алынбайынша Олимпиаданы кейінге қалдыру жөнінде «Global Athlete» спортшылар қауымдастығы, «Бүкіләлем вирус таралуының алдын алу бойынша бірігіп тұрған бір кезде ХОК бұған қолдау көрсету керек», деп уәж айтқан болатын.

«Global Athlete» спортшылар қауымдастығының осынау хабарламасынан кейін арадан бірнеше сағат өткен соң ХОК президенті Томас Бах Токио Олимпиадасының өтуі немесе көшірілуі жайындағы соңғы шешім төрт аптадан кейін нақтылай қаулы шығатынын айтты. 

Джон Хопкинс атындағы Америка университетінің арнайы коронавирусқа қатысты деректер сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Жапонияда 1101 адам індет жұқтырған. 41 азамат аурудан көз жұмса, 235 жан емделген. 

1 950
ӨзА