ӨзА Қазақ

15.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Көрерменсіз өткен матч: Солтүстік және Оңтүстік Корея ойны

Көрерменсіз өткен матч: Солтүстік және Оңтүстік Корея ойны

Бүгін Азия континентіндегі елдер арасындағы 2020 жылы Қатарда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу ойындарының 4-тур кездесулері өтеді.

Осы тур аясындағы әлем назарын өзіне тартар қызықты жағдай Солтүстік пен Оңтүстік Корея футбол құрамалары арасындағы өткен матчта болды. Бұл кездесу уақытында стадионға бірде-бір көрермен тіпті журналистте кіргізілмей, керек десеңіз ойын тікелей эфирден де көрсетілмеген.

Сонау 1990 жылдан беріге алғаш рет Солтүстік Корея жері Пхеньянда өткен тарихи кездесуге 40 мыңға жуық жанкүйерлер келеді деп болжам жасалған, алайда ойын көрерменсіз өткен.

Осы матчты көру үшін Оңтүстік Кореядан Қытай арқылы келген(өйткені қос ел арасында тікелей әуе рейстері жоқ) жандар стадионға кіре алмаған. Ұзақ уақыт күтілген бұл ойынға жанкүйерлерді толық қауіпсіз өтуін дәлелдеу мақсатында ФИФА президенті Джанни Инфантиноның өзі арнайы келіп тамашалаған. Бірақ ойынның басталуына аз уақыт қалғанда жанкүйерлер футбол алаңына кіргізілмей қойған.

Кездесуде екі команда да гол соғалмай, ойын тең аяқталған.

Сонымен бүгін Өзбекстан құрамасы үшінші кездесуін қонақта Сингапур құрамасына қарсы ойнайды. 

10 893
Өза