ӨзА Қазақ

18.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Италия кубогы: Наполи пеналтилер сериясында жеңіске жетті

Италия кубогы: Наполи пеналтилер сериясында жеңіске жетті

Италия кубогының финал кездесуінде «Ювентус» және «Наполи» клубтары кездесіп, матчта есеп ашылмады. Жеңімпаз пеналтилер сериясында анықталды.

Пандемия жағдайында көрерменсіз өткен алғашқы 90 минуттық финал кездесуінде футболшылар қақпаға гол соғалмады. Төреші негізгі уақыт аяқталған соң бірден пеналтилер сериясына кезек берді. Ал ондағы кезекте Дженнаро Гаттузо шәкірттері 4:2 есебінде жеңіске қол жеткізді.

Осылайша «Наполи» өз тарихында 6 мәрте кубок иегері атанса, Гаттузо бапкерлік мансабындағы алғашқы кубогына қол жеткізді. 

4 142
ӨзА