ӨзА Қазақ

17.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Ибрагимовичтің ескеркіші қайта жөндеуден өтіп басқа жерге орнатылады

Ибрагимовичтің ескеркіші қайта жөндеуден өтіп басқа жерге орнатылады

Швеция футболының даңқын асқақтатқан аладоп шебері Златан Ибрагимовичтің құрметіне қойылған «Мальмё» стадионы қасындағы ескерткіш бір жыл өтпей жарамсыз жағдайға түскен.

«Sydsvenskan» ақпарат көзінің мәлімдеуінше өткен жылдың күзінде ғана орнатылған монументтің мұдай жағдайға түсуіне Златан Ибрагимовичтің жергілікті «Хаммарбю» футбол клубын сатып алғаннан кейін, «Мальмё» клубы жанкүйерлері ашуға батып алаң қасында орнатылған футболшының ескеркішін жағып жіберіп, оған түрлі залал жеткізген. Сол себепті ескерткіш қайта жөндеуден өткізіліп, басқа аумаққа көшірілетін болған. Ал, оның шығына 10 мың еуроға түседі.

Бұған дейін Италия А сериясында ойын көрсететін 38 жастағы шабуылшының швед тау шаңғысы курортындағы вилласы мен көл жағасындағы аңшылық үйіне жақын маңда орналасқан тау бөктеріндегі орманды алқабынан 1000 гектарлы жерді 2,7 миллион евро сатып алғандығы хабарланған еді.

3 051
ӨзА