ӨзА Қазақ

09.06.2019 11:52 Басып шығару нұсқасы

Головкин мен Мадримов нокаутпен жеңіске жетті

Головкин мен Мадримов нокаутпен жеңіске жетті

Әлем көз тіккен бокс кеші бүгін таңда Американың Нью-Йорк қаласында орналасқан Madison Square Garden аренасында болып өтті. Одағы басты жекпе жек Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен Канадалық Стив Роллс (19-1, 10 КО) арасында болды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласын 4 раундта нокаутқа түсірді. Стив Роллс өзінің жеңілгенін мойындады. Жекпе- жек аяқталған соң Геннадий өзінің бұл жеңісіне қатысты “Барлық жанкүйеріме алғыс білдіремін. Қарсыласыма да, ол өзін жақсы көрсетті. Қазір өзімді жиырмаға толмағандай сезінемін. DAZN келісімі, жанкүйерлер мен көреремендер қолдауы. Бұл маған берілген сый, барлығына алғысымды білдіремін.

Енді кіммен жұдырықтасқым келеді? Бәрі біледі. "Канеломен". Қыркүйекке дайынмын. "Канелоға" айта барыңдар. Жекпе-жек өтеріне сенемін” – деп жауап берген.

Геннадий Головкин жекпе- жегімен бірге отандасымыз Исроил Мадримовта мексикалық Норберто Гонсалеспен қолғап түйістірді. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек 6 раундта Мадримовтың жеңісімен аяқталды. 

madrimov_prof_boksdagi_uchinchi_alabasiga_erishdi.jpg

Осылайша Исроил Мадримов өзінің кәсіпқой бокстағы 3 жекпе-жегін жеңіспен аяқтап Intercontinental белбеуін қорғап қалды. 

Исроил  Мадримов бокс кешінен  соң Головкин мен бірге түскен суретін өз паракшасында жариялады

ӨзА
4 357