ӨзА Қазақ

18.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйек айында өтуі мүмкін.

Sports.kz сайтының жазуынша бұл жекпе-жек өтуі үшін алдымен екі боксшыда өзінің келесі қарсыласын жеңуі керек. WBA чемпионы Канело өз салмағында WBO белбеуінің иегері Билли Жо Сондерске қарсы рингке жықса, Головкин IBF белбеуін қорғау үшін Камиль Шереметқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Канело мен Сондерс арасындағы жекпе-жек коронавирус себеп өтпейтін болса, Канело күзде Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке дайындықты бастайды. 

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Техас штатындағы "AT&T Stadium" аренасында өтеді деп күтілуде.

2 281
ӨзА