ӨзА Қазақ

26.04.2019 11:12 Басып шығару нұсқасы

Геннадий Головкин бапкерімен қоштасты

Геннадий Головкин бапкерімен қоштасты

Қазақстандық 37 жасты кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы Абель Санчеспен келісім шартын тоқтатты деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Хабарға байлансыты, Головкин: Шешім қабылдау қиынға соқты. Бұл Абельдің кәсіпқойлығын көрсетпейді. Ол тамаша жаттықтырушы. Жаңа бапкерімді жақын уақытта хабарлаймын. Абельді бар үйреткеніне алғысымды айтқым келеді, - деп айтқан.

Галовкиннің шешіміне байланысты Мексикалық бапкер Абель Санчестің айтқаны: «Жақсылықты білмейтін ашкөз. Ол жуырда ғана DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасты. Бұдан кейін ақша жетпейтіндігін алға тартып, түбегейлі шараға баруға мәжбүр екендігіңізді айтуға бола ма? Осының бәрі ақша үшін. Мен олардың бұл қорлығына шыдай алмас едім. Бұл ызаңды келтіреді. Себебі бұл жігіт мұндай қадамға баратынын ешқашан ойлаған емеспін. Оны ұяты бар, адал, тәрбиелі деп ойлайтынмын. Бұл оны осыншама өзгертетінін ойламаппын. Мен ызаға булығып отырмын», - деп айтқан Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

Мексикалық бапкер Абель Санчес пен Геннадий Головкин 2010 жылдан бастап бірге жұмыс істеп келген. 

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин өзінің соңғы кездесуінде төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен ұтылып, мансабындағы алғашқы жеңілістің ащы дәмін татқан еді. Головкин келесі жекпе-жегін 35 жастағы канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Айқас 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. 

ӨзА
14 866