ӨзА Қазақ

02.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Футболдан 2027 жылғы Азия Кубогы ойындары Өзбекстанда өтуі мүмкін

Футболдан 2027 жылғы Азия Кубогы ойындары Өзбекстанда өтуі мүмкін

Өзбекстан 2027 жылы футбол бойынша Азия чемпионатын қабылдауы мүмкін. Бұл туралы Азия футбол конфедерациясы хабарлаған.

АФК сайтында жарияланған мәліметке қарағанда 2027 жылы футбол бойынша Азия Кубогы ойындарын өз елінде қабылдау үшін 30 маусымға дейін 5 мемлекет өтініш берген. Олар қатарында Үндістан, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы және Өзбекстан елдері бар.

Соңғы шешім 2021 жылдың жазында қабылданады. Оған дейінгі аралықта турнирге үміткерлер елдердің сайысты ұйымдастыруға деген мүмкіндіктері комиссия тексерісінен өтетін болады. Ал Азия Кубогы ойындарының 2023 жылғы жарысы Қытайда өтеді.

3 100
ӨзА