ӨзА Қазақ

21.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Футболдан 2022 жылғы Әлем біріншілігі Қатарда өтпеуі мүмкін

Футболдан 2022 жылғы Әлем біріншілігі Қатарда өтпеуі мүмкін

Халқаралық футбол федерациясы – ФИФА, Футболдан 2022 жылғы Әлем біріншілігін өзінде қабылдайтын Қатар елінен ӘЧ өткізу құқығын қайтарып алуы ықтимал.

«TNTSports» басылымының хабарына сай, 2022 жылғы ӘЧ-ны өзінде қабылдайтын елдер арасындағы сараптау кезінде жемқорлыққа жол берілген және осы себепті Қатар елінен 2022 жылғы ӘЧ өткізу құқығын қайтарып алуы ықтимал.

Қазіргі кезде ФИФА-ның ресми өкілдері осы мәселе жөнінде Қатар елімен жабық кеңес өткізуде.

Еске сала кетсек, күні кеше ФИФА-ның экс-басшысы франциялық Мишель Платини өз мансабын пайдаланып жемқорлыққа жол берді деген айыппен қолға алынып, сұрақ-жауаптан соң оның бостандыққа жіберілгенін бүкіл Европа елдері жазған еді. Енді келіп, Қатар елінен 2022 жылғы ӘЧ өткізу құқығын қайтарып алуы мәселесі көтеріліп жатыр.

Егер Қатар елі 2022 жылғы ӘЧ өзінде өткізу құқығына жемқорлық жолымен жеткен болғандығы анықталса, онда бұл жолдама сол кездегі ӘЧ өткізуге өтінім берген (АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Австралия) елдердің біреуіне берілуі мүмкін. 

15 828
ӨзА