ӨзА Қазақ

19.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Фрэнк Лэмпард «Челсиге» бапкер болып оралды

Фрэнк Лэмпард «Челсиге» бапкер болып оралды

Ағылшын футболының жарық жұлдызы өз заманының атақты жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард өзі ойнаған «Челси» клубына бас бапкер болып оралды.

Gazzetta dello Sport басылымының таратқан мәліметіне сай, футболшылық карерасын тәмамдап бапкерлікті Англия чемпионшип лигасында ойын көрсететін «Дерби Каунти» футбол командасында бастан Лэмпард келесі маусымды АПЛ-де жалғастыратын болды.

«Аристократтар» клубы президенті Роман Абрамович футболшылық кездегі ойынынан қағаттанған болса керек, Фрэнк Лэмпардпен клуб бапкерлігі үшін 2022 жылға дейін үш жылдық келісім-шарт жасаспақ.

Еске сала кетсек, Маурицио Сарри «Челси» бапкерлігінен кететіні анық болған күннен бастап, клуб менеджерлері жақсы бапкер табуға кіріскен болатын. Соңындағы шешім клубтың экс-футболшысы, «Дерби Каунти» клубының бапкері қызметінде болған Фрэнк Лэмпардты Лондонға қайтарумен аяқталғалы тұр. 

16 419
ӨзА