ӨзА Қазақ

28.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Forbes: Рожер Федерер әлемнің ең табысты теннисшісі

Forbes: Рожер Федерер әлемнің ең табысты теннисшісі

Американың әлемге әйгілі Forbes журналы жер жүзінде ең көп табыс табатын теннисшілердің рейтингін жариялады.

Тізімде қатарынан 14-ші рет швейцариялық Рожер Федерер біршіліктен орын алған. Ол бір жыл ішінде (2018 жылдың маусым айынан, 2019 жылдың маусымына дейін) 93,4 млн доллар табыс тапқан. Бұлар түрлі жарыстар(7,4 млн доллар) мен демеушілік келісімдері және жарнамалық гонарарларынан (86 млн доллар) түскен қаржы.

Келесі орындардан сербиялық Новак Жокович (50,6 млн доллар), Жапониялық Кэй Нисикори (37,3 млн доллар), испаниялық Рафаэль Надаль (35 млн доллар) мен бесінші орында әйел теннисші америкалық Серена Уильямс (29,2 млн доллар) орын алған.

Forbes рейтингінің күшті ондығына енген теннисшілер жалпы 312 млн доллар табыс тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артқан. 

13 672
ӨзА