ӨзА Қазақ

13.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Еуропа Чемпиондар Лигасы мен Лига Еуропа матчтары тоқтатылды

Еуропа Чемпиондар Лигасы мен Лига Еуропа матчтары тоқтатылды

Бүкіл әлемге қауіп төндірген Covid-19 коронавирусына байланысты УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Лига Еуропа кездесулерін белгісіз мерзімге тоқтатқандығы жайында мәлімдеді. 

Футбол қауымдастығының сайтында тараған ақпаратта, келесі аптада өтуі жоспарланған Еурокубок ойындарының барлығы қалдырылғандығы жайлы жазып, 17 ақпанға кеңес шақырған. Бұл жиында басқа жарыстардың мәселесі қаралмақ.

Осы кезге дейін Еуропада Италия, Испания, Франция чемпионаттары карантин жариялап, кейбір клубтардың футболшылары бақылауға алынған. 

2 782
ӨзА