ӨзА Қазақ

23.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Эктор Купер Өзбекстан құрамасын ӘЧ-2022 іріктеу ойындарына шақырды

Эктор Купер Өзбекстан құрамасын ӘЧ-2022 іріктеу ойындарына шақырды

Қатарда өтетін 2022 жылы футболдан Әлем чемпионатына іріктеу ойындарына аргентиналық бапкер Эктор Купер Өзбекстан құрасмасының 24 футболшысын шақырды.

Хабарыңыз бар осы жыл қыркүйек айынан басталатын іріктеу ойындарында Өзбекстан құрамасы алғашқы ойынын қонақта Палестин құрамасына қарсы өткізеді. Осыған байланысты оқу жаттығу жиыны 28 тамыздан Ташкентте бастау алады.

Палестин құрамасына қарсы ойын 5 қыркүйек күні Ал-Рам қаласында орналасқан «Файсал Ал-Хуссеини» стадионында Ташкент уақытымен 19:00 де басталады.

Эктор Купер шақырған Өзбекстан ұлттық құрамасы футболшылары.

Қақпашылар: Санжар Қувватов (“Пахтакор”), Элдор Суюнов (“Пахтакор”), Ботирали Эргашев (“Динамо”).

Қорғаушылар: Егор Кримец (“Пахтакор”), Анзур Исмоилов (“Локомотив”), Достон Турсунов (“Ренофа Ямагучи”, Жапония), Ислом Тохтахожаев (“Локомотив”), Олег Зотеев (“Локомотив”), Фаррух Сайфиев (“Пахтакор”), Даврон Хошимов (“Локомотив”), Хожиакбар Алижонов (“Пахтакор”).

Жартылай Қорғаушылар: Адилжон Хамробеков (“Пахтакор”), Адил Аҳмедов (“Шанхай СИПГ”, Қытай), Икрам Алибоев (“Сеул ФК”, Оңтүстік Корея), Азиз Ғаниев (“Насаф”), Дастон Урунов (“Локомотив”), Жалолиддин Машарипов (“Пахтакор”), Санжар Шоахмедов (“Теренггану”, Малайзия), Достон Ибрагимов (“Қизилқум”), Қувондиқ Розиев (“Қоқон-1912”), Достон Хамдамов (“Пахтакор”).

Шабуылшылар: Элдор Шомуродов (“Ростов”, Ресей), Игорь Сергеев (“Пахтакор”), Темурхужа Абдуҳолиқов (“Локомотив”).

Еске сала кетсек, Өзбекстан құрамасы 3 қыркүйекке дейін жаттығулар өткізеді. Ал Өзбекстан мен бір топта орын алғандар Палестин, Оман, Саудия Арабыстаны және Сингапур құрамалары. 

14 701
ӨзА