ӨзА Қазақ

15.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Дзюдо бойынша 2021 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

Дзюдо бойынша 2021 жылғы әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

«Токио-2020» олимпиадасы болғандығы себепті биыл әлем чемпионаты өтпейді. Сондықтан дзюдо бойынша әлем біріншілігі келер 2021 жыл Ташкентте «Хумо Арена» мұз сарайында ұйымдастыру жоспарланған.

Халықаралық дэюдо федерациясы президенті Мариус Визер бүгін арнайы сапармен Ташкентке келді. Тарихта алғаш рет атаулы жарыстың өтуі Ташкентте болуына байланысты федерация президенті осы мәселе жөнінде қала мүмкіндігі мен спортшыларға жасар жағдайды көзден кешірмек.

Мариус Визердің Ташкентке жасаған сапары аясында дзюдо спортын Өзбекстанда дамыту мәселесі және 2021 жылғы өтетін әлем чемпионатының және IJF-дің жылдық Конгрессін Ташкентте өткізу жайлы келсім жасау жоспарланған.

Әлем чемпионатының осында өткізілуіне тағы бір себеп, өткен жылғы Ташкент Гран-присы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті аяқталғанында болса керек.

10 433
ӨзА