ӨзА Қазақ

01.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Чемпиондар Лигасы: «Тоттенхэм» - «Ливерпул» финал кездесуі

Чемпиондар Лигасы: «Тоттенхэм» - «Ливерпул» финал кездесуі

Бүгін кешке Европа Чемпионадар лигасы финал кездесуі Испания астанасы Мадридте, Ванда Метрополитано стадионында өтеді. 

стадион.jpg

Бір жыл бойына қызыға көрген, тартысқа толы ЧЛ-ның 2018/2019 маусымның мықты командасы бүгін кешке анықталады. Қай комада жеңседе су жаңа күміс кубок, келесі маусым соңына дейін Англия елінде қонақта болмақ.

«Тоттенхэм» тарихында алғаш рет ЧЛ финалына шықты. Ал «Ливерпул» бұл жағынан аздап тәжірибеге ие клубтар санатына жатады. Көп жағдайда тәжірибе өз сөзін айтатыны футбол тарихында жиі кездеседі. Мысал ретінте алысқа бармай-ақ финалдық соғы үш жылдағы кездесуді еске алсақ, «Реал Мадрид» алғаш «Атлетиконы» сосын «Ювентусты» кейін «Ливерпулді» жеңіп ЧЛ тарихында ең көп 13 рет жеңімпаз атанған клуб. 

rm-2017.jpg

Финалға шыққан қос ағылшын клубы ширек финалда да, жатрылай финалда да, оңай командалармен кездескен жоқ. Әрине бұл кезеңге дейін жәй команда шығып келмейтіні баршаға белгіліғой. Сондықтан ағылшын футболында кембэк болар оқиғалар көптеп кездесе береді.

Көпшілік футбол сарапшы мамандарының айтуынша бүгін «Ливерпул» жеңіске жетеді деген болжам айтуда. АПЛ-дың биылғы маусымына назар аударсақ «Ливерпул» лига ойындарында «Тоттенхэммен» екі рет кездесіп екеуінде де, жеңген екен. Осы тұсыда мүмкін сарапшылар пікіріне түрткі болған шығар бәлкім.

Ең соңғы рет ағылшын клубтары ЧЛ финалында 2007/2008 маусымында «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» кездесіп, «МЮ» пеналтилер сериасында жеңіске жеткен. Араға 11 жыл салып бүгін міне тағыда ағылшынның «Тоттенхэм» мен «Ливерпул» клубтары финалда кездесіп тұр. 

60772815.jpg

Осы матчқа атақты футболшы Англия құрама командасы сардары болған Майкл Оуэн «Ливерпул» 2:1 есебімен жеңіске жетеді деп болжапты. Ал сіздің болжамыңыз қандай?

large.jpg

large (1).jpg


10 947
ӨзА