ӨзА Қазақ

30.04.2019 18:14 Басып шығару нұсқасы

Чемпиондар Лигасы: финалдық деңгейдегі жартылай финал ойындары

Чемпиондар Лигасы: финалдық деңгейдегі жартылай финал ойындары
Бүгін түнде Европа Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуі өтеді. Онда Англияның «Тоттенхэм» футбол командасы өз алаңында Голландияның «Аякс» клубын қабылдайды. 

Чемпиондар лигасының биылғы маусымын түгел қарап келе жатқан болсаңыз бүгінгі айқасқа түсер екі клубтың жеңіске деген, келесі кезеңге өтетін көрсеткіштік балансы бірдей.

Себебі Чемпиондар лигасында командалардың жартылай финалдық ойындар кезінде, келесі кезеңге өтуіндегі ең қиын сәтін анық айту мүмкін емес. Өйткені бұл кезге жетіп келген әрбір команда оңайлықпен жетіп келмейтіні баршаға аян. Сондықтан бүгінгі болар матчтың анық жеңімпаз командасын алдын ала болжап айту да қиынға соғары анық. 

Тарих күнтізбесін күзетер болсақ «Аякс» біршама жеңіске жетер деген пікір басымдау болуы мүмкін. Бірақ қазіргі күнде кез келген команданы жаншып өтер күшке ие нағыз бабында тұрған «Манчестер Ситиді» ойсыратқанын есеке алсақ Тоттенхэмді бүгінгі ойында жеңіледі дегенге де сене алмайсың. Оның үстіне ойын Лондонда өтетіні жайлы ойласаң тіпті мүмкін еместей.
Бірақ бір өкінішті тұсы Тоттенхэмнің екі бірдей шабуылшысы Харри Кейн мен Сон Хын Мин алаңға шықпайды. Осы мүмкіндікті «Аякс» сәтті пайдалана алса, мүмкін көпшілік күтпеген жағдайлар орын алып кетуі мүмкін. 

Бүгінгі ойынға испандық төреші Антонио Матеу Лаос қазылық етеді. Қарымта кездесу 8 мамырда өтеді.

ӨзА
12 446