ӨзА Қазақ

02.05.2019 10:32 Басып шығару нұсқасы

Чемпиондар Лигасы: Барселона финалға жақындай түсті

Чемпиондар Лигасы: Барселона финалға жақындай түсті

Кеше түнде Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындарының екінші кездесуі «Барселона» мен «Ливерпуль» арасында өтті.

Көпшлік футбол сарапшы мамандары бұл ойынды финалдық деңгейдегі ойын болады деп болжаған болатын. Атпақтай-ақ финалдық кездесу ойындарынан кем түскен жоқ. Төрешінің ысқырығы шырылдауымен-ақ ағылшындық клуб бірден шабуылға шықты. «Ливерпуль» нағыз ағылшынша ойын тактикасын көрсетпек болғаны шүбәсіз. Тек гол соғуға деген ұмтылысы орындалмады.

«Камп Ноуға» жиналған жанкүйерлер ойынның алғашқы минуттарынан Барселонадан жылдам гол күткендіктен бе, стадиондағы айқайдың дыбысы Каталония аспанын жаңғыртып жіберген болса ғажап емес. Дегенмен қайта – қайта шабуылдың арқасында аргентиналық шабуылшы Луис Суарес, Алиссонның қақпасынан саңылау таба білді де, ойынның 26 минутында есепті ашты. Осылайша алғашқы тайм 1:0 есебінде аяқталды. 

Үзіліс кезінде Эрнесто Вальвериде қандай тапсырмалар бергенін кім білсін Барселона ойыншылары екінші таймда тіпті күшей түсті. Алаң иелері өздерін еркін Лалигадағы командамен ойнап жатқандай сезініп кеттіме, Месси деген жойқын күш бір гол соңынан тағыда бір голды өз стилінде асқан шеберлікпен орындап таблодағы есепті 3:0 жеткізді. 

Осылайша Месси өзінің 600 голын «Ливерпуль» қақпасына соғып, 683-ші кездесуіні жеңіспен аяқтады.

Қос команда арасындағы қарымта матч 7 мамырда «Ливерпуль» алаңында өтеді.


ӨзА
14 083