Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Челси» Европа лигасы чемпионы атанды

Бүкіл әлем назарын өзіне аудырған Бакудегі Европа лигасы финалында «Челси» футбол командасы жеңіске жетті.


Бүкіл әлем назарын өзіне аудырған Бакудегі Европа лигасы финалында  футбол командасы жеңіске жетті.

Ойын алдынан айтылған сарапшылар пікірі алғашқы таймда дәл келгендей көрінген, «қос команданың жеңіске деген жету балансы тең». Бірақ бұл болжам тек бірінші бөлімге ғана айтылғандай секілді. Ойынның екінші бөлімінде италияндық маман шәкірттерін не деп қайраттандырғанын белгісіз, аристократтар күтпеген көңіл-күйде екінші бөлімді бастай салып Петр Чех қақпасына голдарды жаңбырша жаудырды. Алғаш Оливье Жиру, сосын Педро және Эден Азар есепті 3:0 етіп, «Челсидің» жанкүйерлер алдындағы үмітін ақтай алды. 

«Челси» ойыншыларының голына алаңға шыға сала Алекс Ивоби жауап голын соқты. Бірақ 3:1 есебі «Челси» футболшыларын қанағаттандырмады. Сонымен арадан 3 минут өтіп Эден Азар екінші голын соғып дубл жасап есепті 4:1 еттіде, «Ареналдың» үмітін тас талқан етті. 

image_l.jpg

Осылайша «Челси» өз тарихында Европа лигасының екінші рет жеңімпаз атанып, «Ареналды» артта қалдырды. Ал, «Арсенал» биылда Европа Чемпиондар лигасы маусымына өте алмай, бағытынан адасып қала берді. 
 
Естеріңізге сала кетсек, алда тағы бір қызықты финал кездесуі ағылшындық «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» командалары арасында 1 маусым күні кешке Испания астанасы Мадритте өтетін болады.

Снимок11.JPG