ӨзА Қазақ

04.05.2019 12:23 Басып шығару нұсқасы

Бокс: «Канело» мен «Джейкобс»

Бокс: «Канело» мен «Джейкобс»

Қос боксшы арасындағы әлем көз тіккен бокс кеші 5 мамыр күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. 

Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы өтетін жекпе-жек алдынан салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, онда боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен кейін көз арбасу сәті кезінде өздерін ұстай алмай жанжалдасып қалды.

Сауль Альварестің(51-1-2, 34 КО) салмағы 159,5 фунт болса, Джейкобстің(35-2, 29 КО) салмағы 160 фунтты көрсетті. Орта салмақтағы лимит 160 фунтты құраған. Боксшылар бұл жекпе-жекте үш әлем чемпиондық титулы үшін таласады - WBA Super, WBC және IBF. 

Аталған титулдардың барлығы былтыр қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі болған еді. Головкин IBF белбеуін оны қорғауға міндетті айқастан бас тартқаны үшін жоғалтса, қалған үш белбеуді Альвареспен екінші реттік кездесуінде жеңіліп, белбеулерінен айырылып қалған еді. 

Американдық боксшы Дэниэл Джейкобста, Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізген болатын онда қазақстандық боксшы Головкин ұпай санымен жеңіске жеткен. 

ӨзА
13 193