ӨзА Қазақ

11.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Ашулы Арда Туран қамауға алынды

Ашулы Арда Туран қамауға алынды

Негізгі трансферлік құқығы Каталонияның «Барселона» клубына тиісті болған, «Стамбул Башакшехир» клубына жалға берілген туркиялық футболшы Арда Туран заңсыз құрал сақтау мен түнгі клубта қасақана шабуыл жасау және тапаншадан оқ атқандықта айыпталып, 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 

Арда Туран 2018 жылдың қазан айында атақты туркиялық әнші Беркай Шахиннің зайыбына қырындап, сосын әншінің мұрнын сындырған. Осы жағдайдан кейін Туран 370 мың еуро көлемінде айыппұл төлеген.

Мұрны сынған әнші Беркай Шахин ауруханаға түскеннен кейін, футболшы одан кешірім сұрау үшін барып әншіге өзін атып тастауы мүмкін екенін айтып құрал ұсынған. Бірақ әнші құралды ұстаудан бас тартқан. Бұл қылмысы үшін футболшы 12,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы жайлы хабар тараған болатын.

Арданың бұл ашулы мінезі ұлттық құрамадан да кетуіне итермелеген. 2017 жылдың жазында Туркия құрамасы бапкері Фатих Терим, Арта Туранның ұшақ бортында журналистті қылқындырғаны үшін құрамадан шеттеткен еді. Содан кейін жаңадан келген бапкер Мирча Луческу футболшыны құрамаға шақырудан бас тартқан. Сонымен Арда Туран өзінің ұлттық құрамадағы ойындары аяқталғанын жариялаған. 

Осы оқиғалардың барлығы Туран "Атлетико" клубынан "Барселонаға" өткеннен кейін болған жағдайлар. 

12 701
ӨзА