ӨзА Қазақ

09.08.2019 11:20 Басып шығару нұсқасы

Англияда бүгін жаңа футбол маусымы басталады

Англияда бүгін жаңа футбол маусымы басталады

Бүкіл әлемдегі футбол сүйер қауым назарын өзіне аударған Англия премьер лигасы бүгін Ливерпуль мен Норвич кездесуінде жаңа маусымды бастайды.

Футбол ойыны Англияда пайда болса да, оның даму процесі басқа елде орын алды. Алайда уақыт өтіп футбол тағыда өз отанына оралды. Қазіргі таңда елдің ішкі чемпионаттарында Ағылшынның премьер лигасы әлемде алдына жан салмай келеді. Сондықтанда көпшілік футболшылар ағылшын клубтарында доп тепкісі келеді.

Бүгін АПЛ-дің 2019/2020 жаңа маусымы ашылады. Маусымның алғашқы кездесуін, өткен маусым жеңімпазы «Ливерпуль» өз алаңында «Норвичпен» өтетін кездесуде ашып бермек. Екі команданың алғашқы кездесуі 2004 жылда өткен екен. Осыған дейін екі команда он рет кездескен болса, соның барлығында «Ливерпуль» жеңіске жеткен екен. Бүгін тарихқа өзгеріс енгізіп «Норвич» клубы мүмкін тең ойын көрсетіп қалуыда ғажап емес. Кездесу Ташкент уақытымен 00:00 өткенде басталмақ. 

ӨзА
4 983