ӨзА Қазақ

03.07.2019 15:10 Басып шығару нұсқасы

Америка кубогы: Бразилия финалға шықты

Америка кубогы: Бразилия финалға шықты

Футболдан 46-шы реткі өткізіліп жатқан «Америка кубогы» ойындары өз мәресіне жетуге таяп келеді. 

Барзилия жасыл алаңдарында өтіп жатқан тартысқа толы кездесулердің бірі финалдан алдынғы финал кездесуі «Бразилия» мен «Аргентина» арасында өтті.

Кездесуде «Бразилия» құрамасы қонақ команда «Аргентина» құрамасын 2:0 есебінде жеңіске жетіп, 12 жыл дегенде финалға жол тартты. Ал «Аргентинаның» ең соңғы рет 1993 жылғы алған «Америка кубогы» титулынан басқа 26 жылдан беріге басқа чемпионаттарда жеңіске жете алмай келеді.

Осылайша келесі финалда ойнайтын құрама аты ертең таңда «Чили» мен «Перу» арасында өтетін ойынан соң белгілі болады.

images.jpg

ӨзА
5 431