ӨзА Қазақ

22.10.2019 Басып шығару нұсқасы

«Алтын допқа» үміткер 30 ойыншының есімі жарияланды

«Алтын допқа» үміткер 30 ойыншының есімі жарияланды

Францияның «France Football» журналы, футбол әлеміндегі «Алтын доп-2019» сыйлығына үміткер үздік футболшылар есімін жариялады.

«France Football» журналының жасаған, сыйлықты алар-ау деген көрсеткіші жоғары футболшылардың алғашқы ондық тізімінен португалдық «Ювентус» клубы шабуылшысы Криштиану Роналду түсіп қалған. 

Үшінші реткі жасалған ондық тізім көш басында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси («Барселона»). Одан кейінгі орындарда Риёд Марез, Кевин де Брюйне (екеуіде – «Манчестер Сити»), Калиду Кулибали («Наполи»), Антуан Гризманн («Барселона»), Мухаммед Салах («Ливерпуль»), Эден Азар («Челси»/«Реал»), Маркиньос («ПСЖ»), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити»), Жоау Фелиш («Атлетико»).

Ал, осыған дейін жарияланған жиырмалық тізімі төмендегідей:

Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль»), Донни ван де Бек («Аякс»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал»), Марк-Андре тер Штеген («Барселона»), Садио Мане («Ливерпуль»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити»), Френки де Йонг («Аякс»/«Барселона»), Уго Льорис («Тоттенхэм»), Душан Тадич («Аякс»), Криштиану Роналду («Ювентус»), Алиссон («Ливерпуль»), Маттейс де Лигт («Аякс»/«Ювентус»), Карім Бензема («Реал»), Жоржиньо Вейналдум («Ливерпуль»), Виржил ван Дейк («Ливерпуль»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Сон Хён Мин («Тоттенхэм»), Роберт Левандовски («Бавария») және Роберто Фирминьо («Ливерпуль»).

Қазірде бұл сыйлықты ең көп алған футболшылар Месси және Роналду. Олар бесеуден «Алтын доп» иегері. Өткен жылы дәл осы сыйлықты хорватиялық «Реал Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич алған болатын. 2018/19 жылғы маусымның «Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімі 2-ші желтоқсанда Парижде өтеді.


8 737
ӨзА