ӨзА Қазақ

26.06.2020 Басып шығару нұсқасы

30 жыл дегенде «Ливерпуль» Англия чемпионы атанды

30 жыл дегенде «Ливерпуль» Англия чемпионы атанды

Англия Премьер-лигасының 31-тур аясында өткен кездесулерінің қорытындысы бойынша «Ливерпуль» мерзімінен бұрын Премьер-лига чемпионы атанды.

31-тур аясында өткен кездесулердің соңы Лондондағы «Стамфорд Бридж» алаңында «Челси» мен «Манчестер Сити» клубтары арасында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бұл жағдай мерсисайдтық «Ливерпуль» клубының чемпионаттың аяқталуына 7-тур қалғанда мерзімінен бұрын жеңімпаз атануына мүмкіндік берді.

Өйткені «Ливерпульде» 86 ұпай болса, «Манчестер Сити» 63 ұпаймен қалып қойды. Осылайша арадан 30 жыл өтіп «Ливерпуль» клубы АПЛ-дің 19 рет чемпионы атанды. Клубқа Юрген Клопп бапкер болып келмей жатып команда премьер-лигада 1989/90 жылғы маусымда чемпион болған. АПЛ тарихында ең көп жеңімпаз атанған «Манчестер Юнайтед» 20 рет.

Англия Премьер-лигасының аяқталуына 7 тур қалғанда жеңімпаздың анықталуы чемпионаттың рекорды болды. Бұған дейінгі рекордтар 5 тур қалғанда белгілі болып, онда 2000/01 маусымында «Манчестер Юнайтед» орнатқан. 2017/18 маусымда «Манчестер Сити» мұны қайталаған.

«Ливерпуль» қазірде Ұлыбритания мен әлемдегі ең танымал футбол клубы. «FootballIndex» аналитикалық сайтының мәліметінше, британдықтардың 8,3 пайызы клубты қолдайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйерлері - 6 пайыз, ал «Челсидікі» - 3,1 пайыз екен. Тағы бір қызық жағдай биылғы маусымда «Ливерпуль» 31-тур нәтижесіне орай өз алаңында өткізген кездесулерде мүлдем жеңілмеген.

3 597
ӨзА