ӨзА Қазақ

25.06.2019 Басып шығару нұсқасы

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала анықталды

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясы Швейцарияның Лозанна қаласында басталды. Онда 7 жылдан кейін 2026 жылда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы анықтау жайындағы мәселе талқыланды.

Олимпиада ойындарын қабылдайтын қалалар тізімінде Милан және Кортина-д'Ампеццо (Италия) және Швецияның Стокгольм қаласы негізгі үміткерлер болған. Соңғы шешім, дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылда 6-22 ақпан аралығында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда, Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін болды.

Еске сала кетсек, 2022 жылда өтететін XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытай астанасы Бейжіңде өтеді.

14 983
ӨзА