ӨзА Қазақ

25.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Жер жүзіндегі керемет жеті траспорт көлігі


Қазіргі таңда адамзат баласына қажет болған күнделікті тұрмастағы барлық қолайлықтар күн өткен сайын жақсара түсуде. Алысқа жылдам жету үшін ұшақ, жұмысқа бару үшін көлік, серуенге шығу үшін велосипеттер деген сынды. Ал, кейбір арамыздағы шығармашыл жандар, осы сынды көлік құрылғыларын ерекше етіп, басқаларына ұқсамайтындай әсем көріністе құрауға құмар. Әрине бұл бір жағы сол мекенді ерекше етер символ сынды қалыптасар, ал шынтуайына келгенде мұндай құбылыстарды авторлар көбінесе, айналасындағы адамдар тек ләззат алуы үшін ғана жаратса керек.


Назарларыңызға жер бетіндегі керемет көріністегі жеті түрлі көлік құрылғыларын ұсынамыз. 

Аспалы темір жол – Вупперталь, Германия

ntr1.jpg

Адреналин алуды сүйсіне қабылдайтын жандар үшін Германияның Вупперталь қаласында аспалы поездар тізбегі жұмыс істейді. Аспалы темір жол 8-12 мерт жерден битікте 13,3 шақырым қашықтықта қатнайды. Бұл құрылыс нысаны 1901 жылда пайданануға тапсырылған. Осындай керемет жаратылыс болса да бұл жер көп туристер келетін орта емес.

Тобогган – Мадейра, Португалия

ntr2.jpg

Португалияның Мадейра аралында Тобогган атымен атақты тоқылмалы шаналарда ұшу жергілікті тұрғындар арасында үрдіске айналған. Олардың көрінісі себет жәшіктерге ұқсас болып, оны екі адам басқарады. Қызықты тұсы бұл кереметт құрылғы көліктің максималды жылдамдығы 38 кмге дейін жетеді. кезінде XIX ғасыр тұсында бұл транспорт тұрғындар арасында өте керекті көлік саналған.

Коко Такси – Куба

ED275KYdZJFKx2Xj9N_YBI6XqnTIvNpb.jpg

Мына бір керемет какос жаңғағының келбетін еске салар такси көлігі, 1990 жылда Гаванада пайда болған. Қазіргі кезде көліктің бұл түрінен Кубаның ірі қалаларында көпшілік пайдаланады. Бір екершелігі бұл көліктің тек екі түсі бар. Көк және сары. Сары түсі туристерге арналған болса , көк түстісі жергілікті тұрғындар үшін.

Бамбукты пойыз – Камбоджа

ntr4.jpg

Бұл ғажайып «Норри Иоки» атты туынды Камбоджаның оңтүстік бөлігіндегі өте дамыған теміржол транспорты саналады. Өйткені өте қарапайым түрде жасалған болып, ең кереметі бұл көлікте қауіпсіздік тормоз құрылғысының болмағандығына қарамай аталған аймақта өте мәшһур.

Маглев – Жапония

ntr5.jpg

Техниканың XXI ғасыр туындысы. Бұл әлемдегі ең жылдам поезд Жапонияның магнит жастықты Маглев атты поезды. Поездің ерекшелігі ол электромагнитті өрісте жүріп сағатына 600 шақырымды басып өте алады.

Party-bayk немесе beer-bayk – Амстердам, Нидерланды

ntr6.jpg

Аты айтып тұрғандай-ақ, бұл көлік транспорты тек көңіл көтеру үшін ғана пайдаланылады. Амстердам көшесін кезген қаншама жастар осы көліктерді мініп көңіл көтеріп, ойын сауықтар ұйымдастырады.

Джипни - Манила, Филиппин

ntr7.jpg

Көрінісі ерекше бұл шағын автобус, Филиппин еліндегі ең арзан қоғамдық көлігі есептеледі. Кереметі мұндағыдағы шағын автобустардың сыртқы көрінісі бір-бірінен ерекшеленіп тұрғандығында. Ең қызығы бұл шағын автобустар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Американың көне әскери джип көліктері болған. 


27 984
ӨзА