ӨзА Қазақ

29.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Желтоқсан айынан Ресейдің 10 қаласына тұрақты түрде автобус қатнайтын болады

Желтоқсан айынан Ресейдің 10 қаласына тұрақты түрде автобус қатнайтын болады

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап Өзбекстаннан Ресейдің Мәскеу, Самара, Петербург, Уфа сынды ірі 10 қаласына тұрақты түрде автобустар қатнайтын болады.

Өзбкекстан Ұлттық банкінің қаржыландыруымен «Uzavtotrans Service» ЖШС компаниясына 20 миллион доллар қаржыға Қытайдың «Zhengzhou Yutong Bus Co Ltd» компаниясының 168 дана заманауи автобустары мен бірге қосалқы бөлшектер алып келінді. 

26.jpg

Жағында ғана жаңадан пайдалануға берілген Ташкент автовокзалының бір мезеттің өзінде 2 мың жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Алдағы уақытта автотұрақтан жергілікті және халықаралық бағыттарға қатнаушы автобустар техникалық бақылаудан өтіп, трафик онлайн режимінде GPS көмегімен бақыланып, жүргізушілер медициналық тексеруден өтетін болады. Қазіргі күнде Өзбекстаннан Орталық Азия едерінің барлығына тұрақты түрде автобус бағыттары жолға қойылған. 


4 706
ӨзА