ӨзА Қазақ

03.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Жеке тұлғаларға өз көлігінде такси жасауға рұқсат етілмек

Жеке тұлғаларға өз көлігінде такси жасауға рұқсат етілмек

Өзбекстан Президенті 2020 жыл «Ғылым мен сандық экономиканы дамыту жылы» аясында жүзеге асырылатын Мемлекеттік бағдарламалар жайлы Жарлыққа қол қойды. Биылғы Мемлекеттік бағдарлама 284 тармақтан тұратын болып, онда жалпы сомасы 18,2 триллион сум және 10,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын жобалар мақұлданған.

Осы жарлықта Өзбекстан Республикасы дамуының бес басым бағыты бойынша жүзеге асыру көзделген болып, қабылданған Мембағдарлама ішінде жеке тұлғаларға өз көлігінде жолаушыларды қалада немесе қала маңындағы және қалааралық бағыттарда такси қызметін жасау құқығын беру жоспарланған.

Бағдарламаға сай мұны үш ай мерзімде Транспорт және Әділет министрліктері бірлесе «UzTrans» жалғыз интерактивті ақпараттық жүйесінде тасымалдаушылар қызметін бақылау мен басқарудың заманауи әдістерін қолдану арқылы Министрлер Мекемесіне:

-жүк тасуды жүзеге асыру процесінің басталуы жайлы хабардар ету және халықаралық жүк тасуларды орындаушы көлік құралдарын «онлайн» тіркеу процедурасы арқылы автокөлік транспортында жүктерді қалада немесе қала маңындағы және қалааралық бағыттар бойынша жүк тасымалы жасау құқығын беретін нақтылай ұсыныстар енгізіледі. 

3 579
ӨзА