ӨзА Қазақ

15.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанның ЖОО-на 80 жастағы ақсақал құжжат тапсырды

Өзбекстанның ЖОО-на 80 жастағы ақсақал құжжат тапсырды

Тал бесіктен жер бесікке дейін білім ал, несеме оқудың кеші жоқ деген сынды аталы сөздің ақиқаты осы болар. Әйтпесе 80-ге келіпте білімге ынтық көңіл қайдан келді дейсіз қарияға. Осы жасында сүйікті немересін арқалап, оны бақшаға апарып әкеп жүрседе жетпейме тәйірі. Бірақ іштегі арман, санадағы ой ақсақалды осы жасына жеткенше маза бермеген болар. Отбасын асырау қамымен ұлды ұяға, қызды қияға қондырып біткенше уақыт шіркіннің зымырап өте шыққанын-ай десеңші.

Міне енді еш қамсыз еркін білім алу мақсатында Сұрхандариялық ақсақал Тухтамиш Султанов Самарқанд мемлекеттік университетінің Биологияны оқыту методикасы мен Ташкент медициналық академиясының Терміз филиалының емдеу және педиатрия бағытын таңдап құжжат тапсырған.

Осыған дейін де, Сұрхандария облысынан 78 жасты ақсақал Маматқұл Бердалиев пен 72 жастағы қария Холиков Тастемир Асқаровичтер жоғары білім алу үшін құжжат тапсырған болатын.

Биыл Өзбекстандағы Жоғары оқу орындарына тапсырған түлекетер арасында 50 жастан асқан азаматтардың саны көпшілікті құраған. Оған себеп биылдан бастап жасқа байланысты шектеулердің алып тасталғандығынан. 

53 109
ӨзА