ӨзА Қазақ

15.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық партиялар Ресейдің Лукойл компаниясын заң алдында жауап беру керектігін айтты

Өзбекстандық партиялар Ресейдің Лукойл компаниясын заң алдында жауап беру керектігін айтты

Әлеуметтік желілерде Ресейдің «Лукойл Өзбекстан Оперейтинг Компани» ЖСШ компаниясының басшысы Қашқадария облысындағы Жарқұдық кешені жұмысшыларын боғауыз сөздермен балағаттағаны туралы видео тараған еді.

Осы бейнетаспаға байланысты Өзбекстан интернет алаңында түрлі қарама-қайшы пікірлер көбейіп халықтың наразылығын тудырған. Бұл мәселе елдегі саяси партиялардың назарынан тыс қалмай, олар да осы жағдайға байланысты компания толықтай жауап беруі керек екендігін алға тартқан. Тіпті «Адолат» партиясы осы жағдайға байланысты прократураға арыз түсірген.

Оқиға негізінен өзбек азаматтарынан құралған бригадалық топтың техникалық қауіпсіздікті сақтамағаны, оның салдарынан 110 мың вольттік эелектр тогы кернеуінің арқасында адам өлімі және қымбат бағалы техникалық жабдықтардың бұзылуы мен қатар бүкіл газ өңдеу кешенінің жұмысы тоқтап қалуына себеп болуы мүмкін болған. Осы қателік компанияның бас электригі тарапынан анықталған соң, бұл жұмысқа жауапты жұмысшылармен әнгіме кезінде оларқа қопал мәміледе болған және бейпіл сөздермен балағаттаған. Қазірде қоғамдағы туындаған наразылықтар жаңағы бейнетаспаға байланысты орыналған.

6 223
ӨзА