ӨзА Қазақ

14.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық минометшылар халқаралық жарыста қола медальға қол жеткізді

Өзбекстандық минометшылар халқаралық жарыста қола медальға қол жеткізді

13 тамызда Қазақстанның «Отар» базасы полигонында минометшылар арасныда өткен «Артиллериялық атыс шеберлері» атты халықаралық жарыстың аяқталу нәтижесіне байланысты Өзбекстан құрамасы үшінші орынды иеленді.

Армения, Беларусь, Венесуэла, Әзірбайжан, Зимбабве, Иран, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан және Өзбекстан елерінің әскери командалары қатысқан бұл сайыста, ең жақсы нәтижені қабылдаушы Қазақстан командасы көрсеткен болса, екінші орын Ресей әсекерлеріне бұйырды.

PHOTO-2018-07-30-17- (1).jpg

Байқау кезеңдері: «Индивидуалды жарыс», «Түнгі спринт» және «Эстафета». Техника: 120 мм 2B11 миномет, көп мақсатты жеңіл брондалған MT-LB машинасысы болды.

Бірінші және екінші раундтардың қорытындысы бойынша Өзбекстан құрамасы Әзірбайжан мен Беларусь командаларымен бірге жалпы командалық есепте үшінші болды.

zbekistonlik_minomyetchilar_khal_aro_tanlovni_bronza_medali_.jpg

Сондай-ақ, кеше Мәскеу облысындағы «Алабино» жаттығу полигонында Өзбекстан командасы «Танк биатлоны» дивизионының жартылай финалында жақсы өнер көрсетіп финалға шықты. Онда өзбекстандық танкшілер 24 мүмкіндіктен 10-ын анық нысанаға алды. 

photo_2019-08-13_10-26-53.jpg

Биыл алғаш рет қатысып тұрған өзбекстандық танкшілер 15 тамыз күні Екінші дивизионның финалында жеңімпаздық титулы үшін күреседі. Бірінші дивизионның жеңімпаздары 17-ші тамызда «АрМИ – 2019» Халықаралық армия ойындарының жабылу күнінде белгілі болады.

Танковый биатлон полуфинал.jpg

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті ӨзА-ға хабарлады.

9 556
ӨзА