ӨзА Қазақ

24.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық мамандар коронавирус індетін анықтаушы тест жүйесін жасады

Өзбекстандық мамандар коронавирус індетін анықтаушы тест жүйесін жасады

Өзбекстандық мамандар әлемге кең құлаш жайған коронавирусты анықтаушы тест жүйесін жасады. Бұл тестілеу жүйесі Инновация министрлігі жанындағы үздік технологиялар орталығының ғалымдары жасаған болып, қазіргі уақытта қызметте қол жетімді тестілеулер тек бір реттік талдауға негізделген.

Орталықтың арнайы зерттеуші биотехнологтары COVID-19-ды анықтаушы тест жүйесін жасау жұмысына жер бетіне тәжіндетінің жаппай тарап, Өзбекстанғада келіп жету қауіпі артқан бір кезде яғни осыдан бір ай бұрын іске кіріскен екен.

Зерттеушілердің айтуынша тәжіндетін анықтауда бүкіл процесс 5-6 сағатты алатындығын ескере отырып, бұл жылдам талдау емес тек мамандандырылған зертханаларда ғана қолдануға болатын толық тест жүйесі деп айтуға болады, дейді.

Жергілікті мамандардың жасаған осынау тестілеу жүйесін жасауда Өзбекстаннның Вашингтондағы елшілігі қолдау көрсеткен. Олардың ең бір тиімді көмегі Америка Құрама Штаттарында өндірілген бақылаудың оң үлгілерімен ғалымдарды қамтамасыз еткен.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны қазірге келіп 50 адамға жетті. Олар арасынан алғашқы ауруға шалдыққан бес науқастың жағдайы жақсарып келеді және қалғандарының жағдайы қалыпты.

1 780
ӨзА