ӨзА Қазақ

08.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы күресте көмектесу үшін Тәжікстанға аттанды

Өзбекстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы күресте көмектесу үшін Тәжікстанға аттанды

Бүгін 8 мамырда бір топ өзбекстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесімен бөліспек ниетте көмектесу үшін көрші Тәжікстан еліне жол алды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 жаңа коронавирусқа қарсы күресте жоғары тәжірибе мен үздік қабілетке ие мамандардан жасақталған бір топ дәрігер бүгін Тәжікстан республикасына ұшып кетті. Олар көрші елдегі медицина мамандарына бұл індетпен күресте өз тәжірибесімен бөлісетін болаты. Бұл Өзбекстан мен Тәжікстан елдері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігінің бір белгісі іспеттес. Әсіресе, мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен сарабдал саясатының арқасында соңғы жылдары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, халықтарымыздың достығы одан әрі нығая түсті, деп жазылады хабарламада.

eb4ad22cb9b6fbec0596a.jpg
Дәрігерлерді Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрнің өзі күзетіп қойған

Джонс Хопкинс университеті мәліметінше қазіргі уақытта Тәжікстанда коронавируспен ауырған науқастар саны 461 кісіге жетіп, 12 азамат індеттен көз жұмған. Ал Өзбекстанда вирус расталған жалпы жағдай 2324. Оның 1748-і сауыққан болса, 10 науқас қайтыс болған. Қазірде республикалық ауруханаларда 566 науқас емдік бақылауға алынған.


3 919
ӨзА