ӨзА Қазақ

09.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапты

Өзбекстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапты

Өзбекстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапты. Ол SARS CoV-2 типтегі тұмау вирусының әсерін 78,3 пайызға дейін төмендететіні анықталған.

Инновациялық даму министрлігі қасындағы «China–Uzbekistan Medicine Technical Park» технопаркінде әзірленген «Рутан» атты бұл препарат Қытай ғалымдарының тарапынан өткізілген тәжірибеде SARS CoV-2 типтегі тұмау вирусының ағзаға әсерін 78,3 пайызға дейін жою күшіне ие екендігі белгіді болған.

Содан кейін «Рутан» препараты GMP талаптарына толық жауап беретін Қытай-Өзбекстан медициналық технопаркінде дайындалған препараттың 11000 пакеті Иран еліне коронавирусқа қарсы гуманитарлық көмек ретінде жіберілген және ол сондағы лабораториялық зерттеулерден сәтті өткен.

Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Биорганикалық химия институты ғалымдары жасаған рутан дәрісінің 19 500 қорабын Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне сыйға тартты, деп хабарлайды фармацевтика саласын дамыту агенттігі.

2 984
ӨзА